jasqazaq.kz

Жамбылда апатқа ұшыраған екі автобуста 50-ге жуық жолаушы болған

09 желтоқсан 2019, 17:16

Жамбыл облысында «КамАЗ» жүк көлігі, бір жеңіл автокөлік, және екі автобус бір-біріне соғысыты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ірі жол апаты 8 желтоқсанында сағат 22.00 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының 239 шақырымында болған. Алматыдан Таразға бет алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлік кенеттен басты жолға шығып кеткен бір бағыттағы «КамАз» жүк көлігіне келіп соғылған. Сол мезетте жолда тоқтап тұрған аталмыш жүк көлігін осы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусы келіп соққан. «Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, тез арада жолаушылардың барлығын өтіп бара жатқан көліктерге салып жіберген. Автобустың бірінде 26, екіншісінде 20 адам болған. Төрт адам жеңіл жарақатпен Қордай аудандық ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылған», — делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бірқатар сараптама тағайындалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда