jasqazaq.kz

Жамбылда 5-сынып оқушыларының кезекші сыныпта оқуына рұқсат берілді

05 қараша 2020, 14:13

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №40 қаулысы шықты. Сол арқылы бұған дейінгі қаулыға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында жаңа қаулы арқылы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №39 қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқытуға көшеді. Тек сыныптағы бала санын 15 оқушыдан асырмау қажет. Ал жалпы білім беретін мектептерде — 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде — 7 сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқытуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, театрлардың жұмысына тыйым салынбайтын болды. Алайда, залды тек 50 пайызға дейін толтырып, көрермен санының 100 адамнан аспауын қадағалау керек. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимі, әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады. Осы секілді белгіленген талаптарды сақтай отырып, діни объектілер де (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмыс жасамақ. Дегенмен, залды тек 30 пайыз толтырып, келушілердің санын 100 адамнан асырмау қажет. Ккүшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия