jasqazaq.kz

Жамбылда 400-ге жуық әке алимент төлеуден жалтарып жүр

18 қыркүйек 2019, 17:41

Жамбыл облысында 11 мыңнан астам адам алимент төлеуге міндеттелген. Оның 400-ге жуығы борышын өтеуден жалтарып жүр.

Алиментін төлеумей жүргендердің көбісінің тұрақты жұмысы не басында мүлкі болмайды. Сондай-ақ кейінгі жылдары тапқан табысын жасырып, жалақысын төмендетіп көрсетуге тырысатын әкелер де жиі кездесе бастаған. Бұл оларға осындай мүмкіндік жасаған жеке жұмыс берушілерге мемлекетке салықты аз мөлшерде төлеу үшін қолайлы болып тұр. Соның салдарынан сот орындаушыларға берешектерді өндіру кезінде бірқатар қиындықтар туғызып отыр. Алдағы уақытта алимент төлеуден қасақана жалтарғандар мен көлеңкелі бизнеске қарсы жұмыстар күшейтілмек. Бұл бағытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары өзара іс-қимыл механизмін бекітіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. «Өткен айдың аяғындағы мәлімет бойынша, Жамбыл облысында 377 проблемалы алимент болса, оның тек 126-сы әкімшілік жауапқа тартылған. Қалғандары жауапсыз жүр. Борышкер алимент төлемей тұрған кезде ол бірінші дәреже болып есептеледі. Ал айыппұл ол 4- дәреже. Алиментін төлемегендер айыппұлды төлеуде екі есе қиындық тудырады», — дейді Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ыбыраев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде