jasqazaq.kz

Жамбылда 274 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

13 ақпан 2019, 12:56

Жамбыл облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 5080 болса, бүгінде оның нақты саны 4806 қызметші немесе 94,6 пайызды құрады. Ал, бос лауазымдар үлесі — 274 орын немесе 5,4 пайыз. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жұмабеков облыстағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы — 39,9, орташа мемлекеттік қызмет өтілі — 10,7 жыл екенін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде облыста Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының — 16, «Болашақ» бағдарламасының — 3 түлегі мемлекеттік қызметте тер төгіп жүр. «Өткен жылы 505 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалса, оның 130-ының сынақ мерзімі аяқталмаған. Есепті кезең ішінде жалпы 1342 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланып, жоспар 100 пайызға орындалды. Соның ішінде қайта даярлау курсынан — 516 қызметші, біліктілігін арттыру курсынан 826 қызметші өтті»,-дейді Ержан Жұмабеков. Айта кетейік, өткен жылы облыста тестілеуден өтуге барлығы 6042 азамат өтініш білдірген. Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 2520 адам немесе 41,7 пайызы тестілеудің шекті мәнінен өткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде