jasqazaq.kz

Жамбылда 12 жасар қыздың зорланғандығы туралы ақпарат тарады

21 қыркүйек 2021, 12:36

Жамбыл облысында он екі жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында он екі жасар қызды 35 жастағы ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Жаға ұстататрлық жайт Меркі ауданында орын алған. Тараған мәліметте күдіктінің мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқандығы айтылуда. Мәселенің мән-жайын білу үшін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, Меркі ауданының полиция бөліміне Жамбыл облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін мәлім етті.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді»,-делінген ведомство хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия