jasqazaq.kz

Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды

06 желтоқсан 2021, 11:18

Жамбыл облысында жүк тасымалымен айналысатын мекеменің бастығы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Оған сенсек, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсізідк комитетінің өңірлік департаментімен бірлесіп жедел іс-шара өткізген. Оның аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ — Жүк тасымалы» филиалының бастығы әшкереленген. Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған. «Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасып жатыр» дейді агенттіктен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде