jasqazaq.kz

Жамбыл трассасы қанға боялды

01 ақпан 2020, 13:34

Жамбыл облысындағы жол апаты жұрттың зәре-құтын қашырды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізімен жүйткіген екі көлік бір отар қойды таптап өткен. Екі адам жарақат алса, 30-ға жуық шопан ата тұқымы қырылып қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жолдың үсті қанға боялған. Айнала тола мал өлекселері. Арасында шала-жансар жатқаны да бар. Куәгерлердің сөзінше, бұл жағдайдан кейін уақытша көлік қозғалысы тежелген. Ал полицейлердің мәліметінше, жол үстіндегі қойшы мен отар қойды алдымен «Фольксваген Пассат» соғып өткен. Ол аздай, жеңіл машинаның артынан жүк көлігі бар екпінімен келіп ұрған. Оқиға орнында отызға жуық ұсақ мал мен шопанның жылқысы өлді. Бақташы аман қалды. Бірақ оның да, жеңіл көлік жүргізушісінің де түрлі дене жарақаты бар. Сондықтан екеуі де Тараз қалалық ауруханасына жатқызылған. Қазір кінәліні анықтауға тексеріс жүріп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық