jasqazaq.kz

Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен ұлын пышақтап өлтірді

12 қыркүйек 2018, 20:51

Жамбыл облысында сұмдық жағдай. 55 жастағы азамат үйінде өзінің әйелі мен баласын пышақтап тастаған. Алған жарақатынан екеуі де ауруханаға жетпей жан тапсырды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай Байзақ ауданы Көктал ауылында болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, отбасылық жанжал кезінде 52 жастағы кісі жары мен 29-дағы ұлына бірнеше мәрте пышақ ұрған. Алдымен баласын мойын тұсынан орып жіберіп, кейін әйелін кескілеген. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмады. Күдікті қазір қамауда отыр. Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Сондай-ақ сезіктінің, психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген күдік бар. Соған қарағанда ол жазадан құтылып кете ме деген қаңқу сөз тараған еді.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы:

-Жоқ, жазадан құтылмайды. Ол жөнінде қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді