jasqazaq.kz

Жамбыл облысының екі тұрғынынан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

12 желтоқсан 2022, 16:46

Жамбыл облысының полицейлері жарты тоннаға жуық есірткі тәркіледі.

Polisia.kz сайтының жазуынша 8 желтоқсанда полицейлер Ваз-2121 автокөлігін тоқтатып, автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш есірткі заты табылды.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі:

«Одан бөлек, сол орыннан 2 шақырым қашықтық жерде целлофаннан екі күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын илейтін екі елек табылды».

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты, оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш бар.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы ытың айтуынша, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Әлім Бажықбаев:

Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәлерін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде