
Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Бұл туралы AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Денесінің 85 пайызын күйік шалған екі сарбаздың жағдайы ауыр екені хабарланды. Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Барлығы 28 науқас ем алып жатыр. 26 тамыздан бері ауруханаға түрлі жарақат алған 93 адам келген.
«Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі», — деді қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов журналистерге.
Посмотреть эту публикацию в Instagram