jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы сел жұрттың зәресін ұшырды (Видео)

21 мамыр 2021, 21:02

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз в объективе✌️ тво (@taraz_v_obektive)

Топан судың астында қала жаздады. Жамбыл облысында тоқтаусыз жауған жауыннан сел жүріп, жұрттың зәресін алды. Арыны қатты лай су өзек қуалай жолдағы қоқыстың бәрін ысырып ауылға лап қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз в объективе✌️ тво (@taraz_v_obektive)

Көпірді су шайып кетіп, екі кеште тұрғындар абдырап қалды. Көбі түрт түлігін судан өткізе алмай қиналған. Бұл қатты нөсерден пайда болған. Тау бөктеріндегі лай сай-саламен келіп, Өрнек, Ақыртөбе, Мамай-Қайыңды ауылдарын жағалай аққан. 20-ға жуық үйдің ауласы ауылшаруашылық техникасымен қоса су астында қалды. Небәрі бір сағаттық нөсер осындай машақат әкелді. «Жауын ұзақ жауғанда жағдай тіптен қиын болар еді», дейді тұрғындар. Ал мұндай жағдай екі жыл бұрын болған. Ол кезде терең судан жұрт үйіне кіре алмай қалған.

Гүлнар Жаңабаева, Жамбыл облысы төтенше жағдайдың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

— Жалпы су деңгейі 30 см-ға дейін болды. Сулар арықпен ағып кетті. Бұдан бөлек, жауын салдарынан Өрнек ауылындағы көпірге зақым келді. Қазір жүк көліктеріне жүруге тыйым салынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия