jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы оқиға: тасқын су малдарды ағызып кетті (Видео)

22 мамыр 2021, 20:30

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от САМАЛ ҚАБЫШЕВА (@samal_kabysheva)

Жамбыл облысы аумағында 20 мамыр күні тағы да сел жүріп, бірнеше елді мекен су астында қалған болатын. Зардап шеккендер оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкарықтықтар катты нөсер кешкі бестер шамасында басталып, арты селге ұласты дейді. Айтуларынша, сай-саламен жүйтки аққан тасқын су жолдағыны жайпап өтіп, ескі каналдарды қоқысқа толтырып тастаған. Соның кесірінен көпірлер бітеліп, тау бөктеріндегі алты ауылды су басыпты. Ал екі кеш арасында не істерін білмей дал болған халық өрістен қайтқан малын таппай әуреге түскен. «Бірталай майда мал суға ағыпты. Жоғары жақта, Құмарықта. Осы бәле жылда болады негізі. Осыған бір амал болады ма, болмайды ма?»,- дейді Көкарық ауылының тұрғыны Жексентай Сүйінбаев. «Ағайын, ел-жұрт жиналып мына жерді қазып, күшпен бәрін ашып, суды зорға дегенде тоқтаттық. Былай қарай кетті. Түнгі сағат 11-ге дейін, 12-ге дейін су сарылдап ағып жатты»,- деді Көкарық ауылының тұрғыны Дариға Әбдікерімова. Тұрғындар мұндай табиғи апаттар екі-үш жылда қайталанып тұрады дейді. Айтуларынша, бұл жолы да күткен көмек кеш келген. Соның кесірінен, 11 үйге судың зардабы тиген. « Бұдан бөлек жауын салдарынан Өрнек ауылдық округіне қарасты көпірге зақым келді», — деді Жамбыл облыстық ТЖД басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнәр Жамантаева. Қазір тұрғындар бірігіп қызыл су астында қалған қора-қопсы, ауласын тазартып жатыр. Ал өрнектіктер ауыл іргесіндегі жалғыз көпірін жөндеуге кірісіпті. Әзірге табиғи апат салдарынан келген шығын көлемі белгісіз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия