jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы дауылдан қанша адам зардап шекті?

18 қараша 2021, 12:03

Қолайсыз ауа райы салдарынан Жамбыл облысында 49 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Тараз қалалық ауруханасына 41 науқас түскен. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілген.

Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, оның үшеуі емделуге қалып, біреуі амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді, делінген хабарламада.

Медициналық көмек алу үшін Байзақов аудандық ауруханасына да төрт адам жүгінген: біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлер бақылауымен үйіне шығарылған.

«Көмекке жүгінген науқастардың көпшілігінің басы, қолы мен аяғы көгерген. Сонымен қатар терезе мен қоршаулар құлап, салдарынан басқа да жарақат алғандар бар», — деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұрын жарияланбаған кадрларды көрсетті. Олардың бірінде бір топ адам желге қарсы тұра алмай құлап жатқаны түсірілген. Олар болжам бойынша оқушылар болуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде