
Жамбыл облысы күйік асуында бірнеше көлік апатқа ұшырап, өрт болған еді. Бір адам көз жұмған. Жүк көлігі тоқтап тұрған көліктерге соғылғаны жайлы видео тарады.
Оқиға 14-нен 15 маусымға қараған түні болған. Сағат 03.00 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Таразға бет алған «Scania» жүк көлігінің тіркемесі өртенген. Өрт үлкен аумаққа жайылып, жол қозғалысы тоқтатылды.
«Сағат 03.40-та өрт болып жатқан аумаққа 550-600 метр жетпей, DAF жүк көлігінің жүргізушісі жолда тұрған 10 көлікке соғысқан. Олардың арасында екі Toyota Camry, екі Van Hool жолаушылар автобусы, Audi 100 , Chevrolet Cobalt, Chrysler, BMW X5, Toyota Alphard және Audi 80», — деді полиция.
Соқтығысқаннан кейін төрт көлік өртенді: DAF, екі Van Hools және Audi.
Апат салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам жансақтау бөліміне жатқызылды.
@khanskiy_707 #қазақстан #авариядтп #дтп #аврия #фура #тиктокеркомедии #рекомендации #врек #kazakhstan🇰🇿 #жамбыл #💔 #говрек #тараз #трассадтп #рек ♬ оригинальный звук — …