jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы ауылдарды су басты (видео)

02 наурыз 2018, 18:06

Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, жұртты әбігерге салып жатыр. Әсіресе, тау суына Ақыртөбе мен Тереңөзек елді-мекенінің халқы белшеден батқан. Оған 8 ауылды ағып өтетін Қарасу өзенінің арнасынан тасуы себеп болып отыр. Биыл қызыл судың ағыны қатты, дейді жұрт. Тіпті жолындағы жеңіл көліктер мен көктемгі егістікке дайындаған арпа мен бидайды жаппай ағызып жатқан көрінеді. Енді шаруалар кеткен шығындарын кімнің өтейтінін білмей дал. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Топан судың астында Жамбыл облысының 6 мекені — Жарылсу, Қызылту, Әбжапар, Өрнек, Ақыртөбе мен Тереңөзек ауылдары қалған. Тасқынның зардабын қаз қатар орналасқан осы ауылдар 2 күннен бері тартып отыр. Жұрт жауын қар суымен қосылып, елді-мекенді қазіргідей кейіпке келтірді, дейді. Табиғи апат, әсіресе, Ақыртөбе мен Тереңөзек ауылындағы біраз баспананың ауласын шайып кетіпті. Тіпті қызыл су мектепке барар жолды жауып, салдарынан оқу тоқтатылған. Ал ұстаздар мен әкімдік қызметкерлері осында жұмылдырылған.

Күшейген екпін мұндағы бірнеше көшені жайлаған. Қазірдің өзінде қауқарсыз қалған қараша дел-сал боп, нендей қарекет жасарларын білмей жүр. Үдете аққан ағын бұлай жалғасса, баспанасыз қалар түріміз бар, дейді.

Бұл топан судың астында қалған Жамбыл облысындағы Өрнек ауылы. Мұнда шаруалар шаш етектен шығынға баттық деп шыр-пыр болып жүр. Айтуларынша, төрт-түлікке арнап жинаған шөптерін ағыс ағызып алып кеткен. Жұрт күннен күнге ағыстың қарқыны ұлғаймаса, қайтатын түрі көрінбейді дейді.

Бұл тау суының еруінен қатты зардап шеккен ауылдардың бірі. Тереңөзек мекеніне әзірше арнайы техникадан басқа көлікпен бару мүмкін емес. Ағысы қатты арық суы күре жолды бөгеп тастаған. Қызыл судың бел ортасында қалғандар да бар.

Су бастауында орналасқан Әбжапар Жылқишиев ауылының да жайы мәз емес. Ауыл ішіне жеткен судың күші тіпті жеңіл көлікті де ағызып әкетуге дейін жеткен. Арнаға түскен көліктің ішіндегі адамдарды ауыл тұрғындары құтқарып үлгеріпті. Олар қазір медициналық орталыққа жеткізілген. Қызыл судың құрсауында қалған жұрт мектепке бармақ түгілі, үйлерінен шыға алмай қалған. Тосыннан келген апатқа абдыраған аудан оқыс жағдайға дайын болмай шықты. Себебі техника жетпей, облыстан сұратып отырмыз, дейді ауыл әкімі.

«Облыстан 2 экскаватор, 4 насос сұрадық. Қазір келіп, жұмыс істейін деп жатыр. Біз комиссия құрып, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, бәрін жөндеп береміз», — деді Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі Асқар ҚЫРЫҚБАЕВ.

Ағын судың астында қалған 6 ауылдың тұрғындары не істерлерін білмейді. Шаруаларға келген шығын мен су басқан үйлерді енді кімнің ретке келтіретіні әлі белгісіз. Ал аудан басшысы мәселені шешу үшін арнайы комиссия құрдық деп отыр. Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның төрт облысында су деңгейі көтеріледі деп болжайды. 3 наурыз Қызылордада, ал 4-інде Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу қаупі басым.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде