jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жұртты бопсалауман айналысқан қылмыстық топ ұсталды

20 желтоқсан 2022, 14:37

Жамбыл облысында адамдарды бопсалаумен айналысып, ақша жинаумен айналысып келген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарақшы топ құрбандарын қорқытып, апта сайын ақша жинап отырған. Топтың екі мүшесі бопсалау арқылы кезекті рет ақша алып жатқан жерінде қолға түсті.

«Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзін бөтен адамдардың қорқытып, апта сайын тың ақпаратты жарияламас үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен», — деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Топ мүшелері арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде ұсталды. Олар 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

«Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бопсалаумен айналысқан топ мүшелерінің бұрын да түрлі қылмыс жасап, сотталып шыққан адамдар екені анықталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр