
Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық компаниядағылардың айтуынша, оқиға 31 шілдеде сағат 08.05-те болған, жүк пойызы Мойынты — Шығанақ Қашқантеңіз — Жастар аралығындағы аумақта жүріп бара жатыпты. Сол кезде жүк вагондары жолдан шығып кеткен. Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жолаушылардың бес пойызы уақытынан кешіктірілді.
Астана — Сарыағаш жолаушылар пойызы өз бағыты бойынша жүре алмай тұр. Жолсеріктердің мәліметтері бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуінің салдарын жою үшін шамамен бес сағат күту керек.