
Жамбыл облысында бірнеше көлік апатқа ұшырады. Бір адам көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Оқиға 14-нен 15 маусымға қараған түні болған. Сағат 03.00 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Таразға бет алған «Scania» жүк көлігінің тіркемесі өртенген. Өрт үлкен аумаққа жайылып, жол қозғалысы тоқтатылды.
«Сағат 03.40-та өрт болып жатқан аумаққа 550-600 метр жетпей, DAF жүк көлігінің жүргізушісі жолда тұрған 10 көлікке соғысқан. Олардың арасында екі Toyota Camry, екі Van Hool жолаушылар автобусы, Audi 100 , Chevrolet Cobalt, Chrysler, BMW X5, Toyota Alphard және Audi 80», — деді полиция.
Соқтығысқаннан кейін төрт көлік өртенді: DAF, екі Van Hools және Audi.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Апат салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам жансақтау бөліміне жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
«Полицейлер жүргізген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жүргізушілер жол ережесін бұзуды жалғастыруда. Жолдың 554-ші шақырымында жаңа Күйік асуы арқылы түсуге тыйым салатын 3,4 «Жүк көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынады» жол белгісі орнатылған. Алайда, жүк көлігі жүргізушілері жол белгісін елемеуде. Бұл қайғылы жағдайға әкеледі», — деп қосты полиция.