jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жараланған бес жігіттің жағдайы айтылды (Видео)

18 маусым 2021, 10:59

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамға оқ атты. Жараланған 20 мен 24 жас аралығындағы азаматтар Сарысу ауданының ауруханасына жеткізілген. Жағдайы ауыр. Екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл ауыстырылды. Басына тиген оқтан миына қан құйылған.

Гамзад Мұсаев, Тараз қаласы көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:

— Түскен кезде бір науқастың жағдайы ауыр болған. Миына ота жасалынып, ұйыған қан алынды. Бүгінгі жағдайы жасалған отаға сай. Есі бар. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Екінші науқас жедел түрде отасыз емделіп жатыр.

Қазір ем алып жатыр. Оқиға Саудакент ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, ауыл жастары ерегесіп, арты атысқа ұласқан. Текетірестен кетіп қалған 22 жастағы жергілікті тұрғын қайта оралып бір топ жігітті 16-шы калибрлі мылтықпен жайратып салған. Шамамен 30 метр қашықтықтан атылған бытырадан бес адам жараланған. Оқ екеуінің аяғына, біреуінің ішіне тиген. Олар қазір аудандық ауруханада жатыр. Ал, басынан жарақат алған екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қару қолданған күдікті қолға түсті.

Ардақ Мәдімаров, Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция бастығы:

— Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия