jasqazaq.kz

Жамбыл облысында «жалған қалыңдыққа» іздеу жарияланды

19 тамыз 2019, 10:37

Жамбыл облысының полиция департаменті бірнеше рет сотты болған Ниязова Айгүл Молдазқызына іздеу жариялады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. «Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Кейін туысын жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған», — делінген департаменттің ақпаратында. Полиция күдікті әйелдің өзге де осындай алаяқтықтарға қатысы болуы мүмкін екенін айтады. «Іздеу жарияланған әйелдің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетіндер болса, немесе оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Жамбыл облысының полиция департаментіне 8(7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 нөмірлері бойынша телефон арқылы немесе «102» пультіне хабарлауды сұраймыз», — делінген ресми мәліметте.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда