jasqazaq.kz

Жамбыл облысында түрмедегі жігітімен кездескісі келген әйел жалған неке куәлігін жасатқан

18 мамыр 2022, 15:17

Жамбыл облысында әйел түрмедегі жігітімен кездесу үшін жалған неке қию куәлігін жасатқан, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасағаны үшін 48 жастағы әйелді ұстады.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде, күдікті әйел бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатқан жігітімен кездесу үшін неке қию туралы куәлікті қолдан жасап, өзін әйелі ретінде таныстырғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

«Осы баптың санкциясымен 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған», — делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр