jasqazaq.kz

Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыз жолаушыларына өтемақы төленеді

01 тамыз 2018, 16:49

Жамбыл облысында жүк пойыздарының рельстен шығуынан уақытша тоқтатылған 5 пойыздың жолаушыларына өтемақы төленеді.

ҚазАқпарат  жазғандай, бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов ҚТЖ бас ғимаратында өткен брифингте мәлімдеді.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес, жолаушыларға жолда тұрған әрбір сағат үшін билет құнының 3 проценті төленеді. Бірақ жалпы өтемақы билет құнынан аспауы тиіс», — деді ол.  Оның айтуынша, апат салдарынан жолда тоқтаған 5 вагонда 3200 жолаушы болған. Әзірге олардың ешқайсысы өтемақы алуға жүгінбеген.    Өтемақы алу үшін ҚТЖ АҚ билет кассаларына бару керек.

Еске сала кетсек, Сарышаған стансасында жүк пойыздары вагондары (Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 пойыз) рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-на тиесілі 28-вагонындағы бүйір рамасының сынып кетуі себеп болған.   Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді