
Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство хабарына қарағанда, 2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді.
«Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты», — делінген хабарламада.
Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта биыл 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
View this post on Instagram