jasqazaq.kz

Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен адам қақты (видео)

21 қантар 2021, 12:17

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік көлігімен адам қақты. 48 жастағы әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Қайғылы жағдай кеше түнде Шу қаласының вокзалы маңында болған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді, 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі қаққан. Куәгерлердің айтуынша, қызметтік көліктің жүргізушісі мас болған, әрі өзінің құзырлы орында жұмыс істейтінін жасыру үшін көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкеткен. Алайда, полиция департаменді бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан кісіні аға лейтенант абайсызда қаты деп отыр. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Полиция қызметкері қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды. Қазіргі таңда жан-жақты тергеп тексеру амалдары басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде