jasqazaq.kz

Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды

09 тамыз 2018, 17:07

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Сарышаған-Шығанақ телімінде вагондардың рельстен шығып кетуіне қатысты шығынды вагонның меншік иесі — «Инсткомтранс» ЖШС-тен талап етті.
Baq.kz хабарлағандай, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31- шілдеде Сарышаған- Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары, Украинаның «Азовэлектросталь» ЖАҚ, «Инсткомтранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен тергеу амалдары өткізілді.
«Тексеру көрсеткендей, 28-ші вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы апатқа себеп болған. Аталған ақауы бар жақтаушаны 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі – «Исткомтранс» ЖШС. Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібіне байланысты болған оқиға «Азовэлектросталь» ААҚ тарапына тіркелді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға келтірілген барлық шығындар заңдық негізде вагонның меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС-тен талап етілді», — деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 31 шілде күні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Осыған байланысты сол күні бес жолаушылар пойызы уақытынан кешіккен. Кейіннен 19 жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде