jasqazaq.kz

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

07 ақпан 2021, 13:26

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шу-Алматы бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткенін хабарлады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«Шу-Алматы бағытында №2534 жүк пойызының 10 платформасы темір жолдан шығып кеткен. Пойызда 54 вагон болған. Бәрі бос. Олардың жетеуі бір жанына қисайған, бесеуі шұңқырға құлады, екеуі тақ жолдар желісіне аударылған, үш платформа рельстен шығып кетті», — деп хабарлады облыстың ТЖМ баспасөз қызметі.

Нәтижесінде Отар станциясында кідіріс болды:
Алматы — Нұр-Сұлтан бағытында № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде үш бала, 18 вагон);
Алматы — Петропавл бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, 43 бала, 16 вагон);
Алматы-Атырау бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон);
Алматы — Қостанай бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, 1 бала, 19 вагон).
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Сағат 20.00-де ТЖД жедел көмек көрсету телефоны іске қосылды. Отар станциясында БСМК кезекшілік етті. 21.30-да тақ жолдағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ «ҰК» АҚ 50 қызметкер, 6 техника және Шу мен Алматы станциясының екі қалпына келтіру поезы жұмылдырылды», — деп қорытындылады ведомствода.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия