jasqazaq.kz

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

21 мамыр 2021, 11:15

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өтінішке жауап ретінде мәлім етті.

«82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Мерзімді қызметкер 2021 жылдың сәуірінде әскерге шақырылып, 15 мамырда әскери ант берген.

82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия