jasqazaq.kz

Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 12 жылқыны қағып өлтірді (Видео)

07 қыркүйек 2021, 11:37

Батыс-Европа-Батыс-Қытай тас жолының 341 шақырымында үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші алдынан кенеттен шыққан бір топ жылқыны қағып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді, де хабарлайды Azattyq Rýhy.

«5 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны өзінің «Mercedes benz» автокөлігімен Тараз бағытына қарай бара жатып, жол үстінде жүрген бір топ жылқы малдарын қағып кеткен, нәтежиесінде көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Меркі аудандық ауыруханасына қаралған. Анықталғандай, Меркі ауылының 35 жастағы тұрғыны кешкі мезгілде өзінің жылқы малын арнайы өткелден өткізбей, жол үстімен айдап өтпекші болған.

Жол апаты салдарынан, сол жерден 12 бас жылқы малының өлі денеcі табылды. Қазіргі таңда жылқышыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия