jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қылмыстық топ жалған техпаспорт шығарып отырған (Видео)

17 қараша 2022, 12:44

Жамбыл облысында жалған құжат істеумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Екі жергілікті тұрғын көліктің техникалық паспортын басып шығаруды кәсіп қылыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Осы іс бойынша екі кісі құрықталды. Біреуі Шу ауданы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысшысы болса, екінші сол мекеменің бұрынғы маманы болып шықты. Соңғысы клиент табу, келісу сынды делдал міндетін атқарса керек. Ал әр құжатты әзірлеу құны 150 мың теңгеге бағаланған. Тексергенк езде 41 техпаспорт және осы тектес құжаттарды басып шығаруға арналған 500 дана пластикалық карта тәркіленген. Бір күдіктінің атында сегіз бірдей банк картасы болыпты. Аталмыш дерекке қатысты тергеу басталды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

— ҚР ҚК 385-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталуда.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр