jasqazaq.kz

Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдетілді

11 мамыр 2020, 23:13

Жамбыл облысында карантин режимі сақталады. Дегенмен, 11 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізілуде. Тиісті шешім облыстық жедел штаб және өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендердің (барлық бағыттар) және тұрмыстық техника дүкендерінің қызметіне рұқсат етілуде. Олардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгіленген. Сондай-ақ, 11 мамырдан бастап тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу бойынша сервис орталықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, жарнама агенттіктері, риэлтерлік және сақтандыру компаниялары жұмыс істей бастайды. «Жеке медициналық орталықтардың (алдын ала жазылым бойынша), оптика дүкендерінің, фотосалондардың, гүл дүкендері мен дүңгіршектердің қызметі қайта жанданады. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Жұмысты қайта қалпына келтіруде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау керек. Санитарлық тазартқыш, медициналық маска, қолғаптың және т.б. болуы тиіс. Алайда, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, кинотеатр, монша кешендері, шаштараз бен сұлулық салондары, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар және адамдар көп жиналатын басқа да орындардың, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына әлі де тыйым салынады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұдан бөлек облыс пен Тараз қаласының шекаралары бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде блокпосттар жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, жамбылдықтарға көшеде жеке спортпен айналысуына мен жаттығуына, үйіне жақын маңда серуендеуіне рұқсат етілді. Карантин шараларын жеңілдетудің келесі кезеңі бойынша шешімді өңірдегі қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жедел штаб қабылдайды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі