jasqazaq.kz

Жамбыл облысында карантин күшейтілді

12 маусым 2020, 18:38

Жамбыл облысында карантин күшейтілді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Карантинді ұзарту тәртібі мен мерзімі коронавирус инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгертілуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өсім көрсеткіші жоғары өңір әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова халықтың санитарлық нормаларды сақтамауы нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың өсімі байқалатынын атап өтті. Байланыста болған адамдар арасында, әсіресе отбасында жұқтыру жағдайлары жиілеп кетті.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық