jasqazaq.kz

Жамбыл облысында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

26 желтоқсан 2020, 11:34

Жамбыл облысында жол бойындағы ғимаратта газ балоны жарылып, күйік шалған екі адам ауыр жағдайда аурухана жатқызылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «25 желтоқсан күні сағат 16-36-да Байзақ ауданында, «Алматы-Ташкент» тас жолының 597 шақырымында, жол бойында құрылысы басталған жем зауытының жұмысшыларға арналған асхана ретіндегі бейімделген гараж бокстарында газ баллоны (50л) жарылды. Салдарынан тұтанған өрт 150 шаршы метр алаңды шарпыды. Жарылыс салдарынан бокстардың бетон қабырғасы мен 2 ішкі кірпіш қалқандары қирады. Оқиға нәтижесінде 1966 және 1960 жылы туған азаматтар күйік алып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Өрт 17 сағат 02 минутта ауыздықталып, 17 сағат 22 минутта сөндірілді»,-делінген ведомство хабарламасында. Оқиға орнында ТЖ департаментінің 22 қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жылжымалы өрт-техникалық зертханасы жөнелтілген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия