jasqazaq.kz

Жамбыл облысында бір ауылды су басты (видео)

27 ақпан 2018, 15:04

Жамбыл облысы Ақыртөбе ауылының тұрғындары су тасқынын видеоға түсіріп алды.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, ауыл тұрғындары барлық көшені су басып жатқанын айтады. Видео авторының айтуынша, су тасқыны бүгін, 27 ақпанда басталды. «Бұл Ақыртөбе. Су тасқыны. Барлығы анау жақтан басталды. 2018 жылдың 27 ақпаны. Міне, біздің үйді басты», — дейді видео авторы.
Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылындағы төтенше жағдайдың 27 ақпанда сағат 12.30-да болғанын айтты. «Қардың еруі салдарынан Көктал көшесіндегі (№ 5, 7, 8, 13, 15) бес үйдің аумағын су басты. Әкімдіктің күшімен (15 қызметкер мен бір дана техника), Төтенше жағдайлар департаменті (төрт қызметкер мен бір дана техника), Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімі (екі қызметкер мен бір дана техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам) суды бұрып жатыр», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды