jasqazaq.kz

Жамбыл облысында ауыл әкімі көшеге өз әкесінің атын бергізді

22 қыркүйек 2020, 16:13

Жамбыл облысында ауыл әкімі көшеге өз әкесінің атын бергізген. Шенеунік бұл қадамға бару үшін алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің атын көшеден алдырып тастаған көрінеді. Бұл туралы ҚР Парламентінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеев өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды zakon.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Мыңарал ауылында С. Сейфуллиннің атындағы көшені өзінің әкесі немесе туысы С. Қашқынбековтың атына ауыстырған. Мүмкін ол ауылға еңбегі сіңген адам шығар, бірақ әкімдердің өз туыстарына көше атауын бергізуі қашан тоқтайды? Ия, мен де С. Сейфуллиннің руы тоқа руынанмын. Бірақ мен қазақты руға, жүзге немесе нағыз қазақ деп бөлмеймін. Бірақ мен тарихи тұлғаның есімі берілген көше атауының өзгеруіне қарсымын», — деп жазды М. Тінікеев.

Azattyq Rýhy тілшісі аталған жайды анықтап көруге тырысты. Мыңарал ауылының әкімі расымен де көшеге өз әкесінің атын бергізген болып шықты. Бірақ ол осыдан 17 жыл бұрын болған. Сол жылдары Мыңаралда әкім болған Талғат Қашқынбековтың әкесі ҰОС және еңбек ардагері болып шықты. Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұловтың сөзінше, тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Аталған жағдайдан кейін архив құжаттарын көтерткіздік. Бұл жағдай бұрын ауыл тұрғындарының өтінішімен ауысқан. Сейфуллиннің атын ешкім алып тастаған жоқ. Талғат қазір әкім емес, оның Нұр-Сұлтан қаласынан туыстары келген. Қонақтарға бәрін түсіндірдім. Ардагерге берілген көше шет жақта, ол көшеде бұрын атау болмаған», — деді аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде