jasqazaq.kz

Жамбыл облысында атыс болды (Видео)

11 маусым 2021, 20:58

Меркі ауданында шаруашылық басшысын атып кеткен. Ол алған жарақатына қарамастан оқ атқандарды көлігімен қуған. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов 2021 жылғы 9 маусымда сағат 21.20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдар олардың фазендаларына келіп, біреуі ағасына оқ атқаны туралы айтты.

Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталды.
Алайда жарақат алған ер адам оларды өз көлігімен қуған, соқтығысу барысында екінші көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмып, жолаушысы жарақаттанған.

Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Жанат Сүлейменов қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталғанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Істің мән-жайы анықталуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия