jasqazaq.kz

Жамбыл облысында атасы мен немересі өзенге батып кетті

24 шiлде 2022, 16:36


Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 23 шілдеде сағат 17.30-да Жамбыл облысындағы Жасөркен аулы маңында Талас өзенінде оқиға куәгерлері 1961 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған. Сонымен бірге сағат 17.10 шамасында шомылу кезінде суға батып кеткен 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары басталды.

«Атасы мен немересі жабдықталмаған жерде суға түсіп жатқан. Іздеу жұмыстары қараңғы түскенше жалғасты. Оқиға орнына ТЖД-нің бес құтқарушысы мен бір техникасы шықты», — деді департамент өкілдері.

«Бүгін таңғы сағат 5.30 шамасында 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары қайта жанданды. Жедел құтқару жасағының құтқарушыларынан құралған үш экипаж бар. Сүңгуірлер өзеннің су бөлігін тексеріп жатыр. Жеке құрамның 74 қызметкері жағалау сызығын тексеріп жүр», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр