jasqazaq.kz

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды

22 желтоқсан 2019, 17:05

Қазір барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Халықаралық маңызға ие күре жолда кешелі бері көлік қатынасы үзілген. Жолда жүздеген жүк көлігі қаңтарылып тұр.

Ішінде жолаушылары бар 40-тан астам автобус та бар. Қарлы боранның құрсауында қалған 26 көлік сүйреп шығарылып, 140 адам Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілді. Оның 8-і – бала. Құтқарылғандар жергілікті мәдениет үйі мен мектептерді паналап отыр. Тағы 500-дей адам бет алған бағыттары бойынша пойызбен жөнелтілді. Көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгісіз. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңыздағы жолдар да жабылған. Қазір Жуалы ауданы, Жаңатас пен Қаратау қалаларын жалғап жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде