jasqazaq.kz

Жамбыл облысында әйелдерді соққыға жыққан әскери ұсталды (Видео)

14 желтоқсан 2022, 14:56

12 желтоқсанда Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарды соққыға жыққаны туралы хабарлама түскен.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, күдікті кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бетінен соққы жасаған.

Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі үйге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Әйелдердің бірінің үйіндегі күйеуі бұзақыны ұстап, полиция шақыртқан.

Полиция қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді.

«Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады»,-делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде