jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 500 гектар орман өртеніп жатыр

31 шiлде 2018, 17:07

Жамбыл облысының Қызылқайнар ауылдық округінде шыққан өрт әлі сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Жамбыл ауданының Қызылқайнар ауылында «Орман мен жануарлар дүниесін қорғау» ММ-ның мемлекеттік орман қорының аумағында орналасқан Ұзынбұлақ шатқалында құрғақ шөп пен бұталар өртенген еді. Жамбыл облыстық ТЖД-ның 86 қызметкері мен 8 арнайы техникасы, орман шаруашылығынан 83 қызметкер мен 8 техника, өртке қарсы ерікті ұйымдардан 75 адам мен 12 техника үшінші тәулік бойы тілсіз жаумен күресуде. Белгілі болғандай, өрт көршілес Қырғызстанның таулы аймақтарында басталып, Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы таулардың маңына қарай ығысқан. Таулы жер әрі қатты соққан жел құтқарушылардың жұмысына кедергі жасап отыр. Арнайы техникалар өрт болған аймаққа жетуде қиындықтарға тап болуда. Бүгінгі таңда Ұзынбұлақ таулы шатқалының 500 гектар аумағын жалын шарпыған. Өрт емдік шөптер мен бұталарды (итмұрын, долана) жойып жіберді. Жамбыл облысы ТЖД 30 шілде күні Шу ауданындағы Қосқұдық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ-ның аумағында орналасқан «Алабота» бөлімшесінде тағы да өрт шыққаны туралы жеткізді. Қанша аумақ өртке оранғаны анықталып жатыр. Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесі тілсіз жауды ауыздықтады. Ведомствода мәлім еткендей, өрттің шығуына өңірдегі аптап ыстық ауа райы себепші болған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді