jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 30 үйдің ауласын су басты

30 наурыз 2021, 9:38

Жамбыл облысында толассыз жауыннан аулаларды су басты.

Тараз қаласында нөсер жаңбыр мен тазартылмаған арықтардың салдарынан 17 аула аумағын су басқан. ТЖД және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің күшімен барлығы 39 адам, 9 техника және 9 мотопомпамен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, Жуалы ауданында 2 сағат 49 минутқа созылған жауын-шашыннан көлбеу ағын пайда болып, салдарынан Қоңыртөбе ауылындағы аула аумақтарын су алып, Майбұлақ ауылындағы бес үйдің ауласын су басты. Ал, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында бес ауланы су басқан. Су деңгейі 18-20 см. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлығы 22 адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа суды сору, арық жүйесін тазалау және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы облыс бойынша жауын-шашын салдарынан барлығы 30-дан астам аула аумағын су басқан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия