jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

17 маусым 2021, 14:24

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында тектірес болған. Кикілжіңнен кейін күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген. Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Гамзад Мұсаев, қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

— Түскен кездегі жағдайы бір науқастың ауыр болған. Операцияға алынып, миына операция жасалынып, миындағы ұйыған қан алынып, бүгінгі жағдайы жасалған операцияға сай. Есінде. Жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты. Екінші науқас операциясыз емделіп жатыр. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр.

Ардақ Мәдімаров, облыстық ПД криминалдық полиция бастығы:

— Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия