jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 17 адам коронавирусты қайдан жұқтырған?

05 сәуiр 2020, 11:15

#үйдеотыр

5 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 жұқтырған 17 адам анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күшейтілген шарасының арқасында науқас азаматтар дер кезінде анықталып, карантинге жатқызылды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Жұқтырылған індет сырттан әкелінген және оны науқастармен байланыста болғандар жұқтырып алған. Төрт науқас Үндістаннан келген рейс жолаушылары. Ұшып келген жолаушылар арнайы автобуспен медицина қызметкерлері мен полицияның бақылауымен карантиндік стационарға жеткізіліп, оқшауланды. Лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша 1984, 1996, 1998, 2000 жж. туған төрт жолаушыдан инфекция анықталды. Қордай ауданында үш жағдай тіркелді. 1975 және 1982 жылдары туған екі тұрғын Нұр-Сұлтан қаласының вирус жұқтырған тұрғынымен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан болатын. Тағы бір індет жұқтырған 1999 жылғы азаматша 23 наурыз күні Қостанай қаласынан «Қостанай-Алматы» пойызымен келген. Шекара пунктеріндегі күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушілері де бар. Нәтижесінде 10 науқас анықталды. Олардың 4-еуі Қырғызстан азаматы болса, 6-уы көршілес елден жүк тасыған Қазақстан тұрғыны. Науқас азаматтардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау және тұрғылықты мекенжайы мен науқастардың барған жерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Еске сала кетсек, коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары тіркелгеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің бұйрығымен Қордай ауданы аумағында 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап тұрғындардың қызметі мен өмір салтына, шаруашылығына ерекше тәртіп орнататын карантин режімін енгізу туралы шешім қабылданды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі