Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында 11-сынып оқушысы асулы күйінде табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың 30 қарашасында, сағат 17.30-да Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне өз үйінің сарайынан 11-сынып оқушысы, 16 жастағы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген ведомство мәліметінде. Бүгінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін ешқандай теріс қылық көрсетіп, есепке ілінбегендігі анықталып отыр. Аталған факті Жамбыл облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Дереккөзі: ҚазАқпарат