jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 1 тоннадан аса есірткі тәркіленді (видео)

27 шiлде 2020, 21:42

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі анықталды. 1 тонна 300 келіге жуық қарасораны жинап қойған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қылмысы әшкере болды. Ол есірткінінің бұл түрін, төрт күн жинағанын айтқан. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Облыстық басқарма қызметкерлері, аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сақтап, жинаумен айналысқан бұл бірінші жағдай деп отыр. Шу қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта қолға түскен азамат, тек түнделетіп есірткіні орып, кептіріп, жинап отырған, деді.

Ержан БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ м.а:

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Енді заңға сәйкес күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жалпы жыл басынан бері осы қылмысқа қатысты 313 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 2 тонна 143 келі әртүрлі есірткі заты тәркіленген. Айта кетейін ел аумағында «Қарасора — 2020» республикалық жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Маусымның бірі басталған ауқымды тексеріс қазанға дейін жалғаспақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде