jasqazaq.kz

Жамбыл облысы: Полицейлер арасында атыс болды (видео)

19 қазан 2020, 22:26

Полицейлер арасындағы атыс! Жамбыл облысында арнайы операция кезінде Шу аудандық желілік полиция бөлімшесінің қызметкеріне оқ тиіп, ол ажал құшқан. Ақпарат көздерінде таратылған мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдай Шу ауданы Тасөткел ауылы маңында болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасына «желілік полиция қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады» деген ақпарат түсіпті. Сөйтіп олар күдіктілерді аңдып, алдынан күтіп алған. Алайда жол талғамайтын көлікке мінген полицейлер тоқтамақ түгілі, арнайы жасақ өкілін қаққан бойда қаша жөнеледі. Соңынан қуғандар амалсыз табельдік қару қолдануға мәжбүр болған. Содан көлік ішіндегі екеуге оқ тиіп, біреуі қаза болды. Соңғысы қазір ауруханада жатыр. Арнайы жасақ өкілінің де екі аяғы сынған. Ал Toyota Land Cruiser-ден кептіріліп қапқа салынған 55 келі марихуана табылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия