jasqazaq.kz

Жалғызсырап жүрсің бе? Бұған қолыңдағы телефон кінәлі

05 мамыр 2019, 17:35

«Жалғызсырап жүрсің бе? Зеріктің бе? Бұған қолыңдағы телефон кінәлі». Бұл туралы Vox басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Мақала авторының жазуынша, қазіргі адамдардың сезімі 19 ғасырда өмір сүрген адамдарға қарағанда көп өзгеше. Бұған технологиялар әсер еткен. «Зерттеушілер әлеуметтік желілер адамды өзімшіл етеді, көпшілігі жалғызсырап жүреді дейді. Расымен де солай ма?», дей келе автор «Bored Lonely Angry Stupid» атты кітап авторы 19, 20 ғасрдағы адамдардың сезімдері қазіргі қоғамнан өзгеше болғанын айтады. «Технология қоғам мен адамның эмоциясына тікелей әсер етеді. Адамдар эмоциясын көрсету үшін технологияға жүгінеді. Дегенмен, технологиялар да адам эмоциясын өзгертеді», деп жазады автор. Вебер атындағы университет тарихшысы, жоғарыда аты аталған кітап авторы Сьюзен Дж. Мэтттің айтуынша, 19 ғасырда «жалығу, зерігу» деген түсінік мүлдем болмаған. «Эмоция тарихын зерттеу жұмыстары көрсеткендей, әр ғасырда эмоция аты адамдардың ішкі сезімін әртүрлі сипаттаған. Яғни, қазіргі сезім аттары кезінде мүлдем басқа эмоцияны сипаттаған болуы мүмкін», деп жазады автор. Оның айтуынша, 1920 жылдары адамдар радио өздерін жалғыздықтан құтқара алады деп ойлаған. «Қазір радионың орнын смартфон басты. Смартфон арқылы адам жалғыздықтан құтылғысы келеді. Әлеуметтік желі пайда болғалы адамдар суреттерін өңдеп салады. Осылайша өздерін көрсеткісі келеді. Өздерін маңызды сезінгісі келеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл сезім адамдарды ызалы ете түседі», деп жазады автор.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда