jasqazaq.kz

Жалғызбасты аналарды алдап келген әйел ұсталды

01 қараша 2019, 14:55

Алматыда әйел адамға алаяқтық бабы бойынша айып тағылды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, ол тұрғын үй алуға жалғызбасты аналарға қайтарымсыз көмек көрсету қызметін ұсынған. Бұл туралы қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. «Күдікті әйел өзінің әпкесі арқылы пәтерге мұқтаж сенгіш азаматтарды тауып отырған. Ол жәбірленушілерден қомақты қаражаттың бір бөлігін алып, ол үшін проблемалық пәтерлерді алып беруге уәде еткен. Алайда ақшаны ала салысымен ізім-ғайып жоғалып отырған. Оның құрбандары көбіне жалғызбасты аналар. Күдікті жәбірленушілерден 750 мың теңге алып отырған. Негізінде әйел тұрғын үй мәселесін шешуге еш қатысы жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Тұрыспаев. Осы азаматшаны таныған жағдайда және оның тарапынан істелген алаяқтық әрекеттің құрбаны болсаңыз мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-701-718-70-69 немесе 298-53-70.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда