jasqazaq.kz

Жалғыз ұлға жанашыр жоқ

28 мамыр 2019, 14:56

Биыл Алматы облысында 7-ші сынып оқушысы бір жыл бойы мектепке бармаған. Оқиға Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылында болды.

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтың айтуынша, қазір осы іс бойынша сот жүріп жатыр. Бірақ баланың ата-анасы сотқа келмеген. Ал оқушы толық емес отбасында тәрбиеленуде. Өзі бір үйдің жалғыз баласы екен. «Баланың анасы баламды оқушылар ұрды деп арыз жазған. Бірақ ол расталмады. Барлық фактіні арнайы комиссия тексерген. Енді баланы ата-анасы мектепке жібермей отыр», — деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов. Бір жыл бойы білім алмаған оқушы жаңа оқу жылында 7-ші сыныпты қайта оқитын болады. Ал ата-анасына қандай шара қолданылатынын сот шешеді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда