jasqazaq.kz

Жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығару бір жылға тоқтатылады

24 қыркүйек 2021, 21:09

Елімізде азаматтарды жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығару бір жылға тоқтатылады. Мұндай жеңілдік ипотекалық қарызы бар әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға жасалып отыр. Меморандумға қаржы нарығын реттеу агенттігі, банктер, қоғамдық бірлестіктер мен банк омбудсмені қол қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Десе де мамандар бұл шешімнің «Алматыдағы атысқа еш қатысы жоқ» деп отыр. Яғни құжат маусым айынан бері талқыланып келе жатыр екен. Оған сәйкес, банктер бір жыл ішінде жалғыз баспанасын кепілге қойып қарыз алған жағдайы төмен азаматтарды сотқа бере алмайды. Банк балансына өткен үйді сатуды және борышкерді баспанасынан мәжбүрлі түрде шығаруды тоқтатады. Оның орнына, банк пен қарыз алушы арасындағы мәселені екі жаққа да тиімді етіп шешу жолы қарастырылады. Десе де бұл қаржылық қиындыққа тап болған борышкердің қарызы кешіріледі деген сөз емес. Тек ай сайынғы төлемді азайту, пайыздық мөлшерлемені түсіру немесе өсімпұлды алып тастау сынды жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін. «Әр клиенттің жағдайы жеке қаралады»,- дейді мамандар.

Дмитрий Акмаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы:

— Меморандумға Қазақстандағы барлық банк қол қойды. Ол қыркүйектен бастап 12 ай бойы өз күшінде болады. Кейін бұл құжаттың мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия