jasqazaq.kz

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

20 ақпан 2020, 13:16

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов MMA әлеміндегі ең беделді Ultimate Fighting Championship (UFC) промоушенімен келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жариялады. «Arlan MMA Pro командасының балуаны Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады. Сені және осы жаңалықты асыға күткендерді құттықтаймыз», — деп жазды ол. Айта кетейік, бұл UFC-мен келісім жасаған екінші қазақстандық спортшы. Бұдан бұрын Шавкат Рахмонов промоушеннің балуаны атанған еді. Сондай-ақ, UFC-де ресейлік этникалық қазақ Дамир Исмағұлов өнер көрсетеді. Жұмағұловтың қашан дебют жасайтыны кейінірек белгілі болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия